Кәсіпорынның құрылу тарихы туралы жалпы мәліметтер

1992 жылға дейін "Ақсай Карьері" ЖШС-гі Алматы үй құрылысы комбинатының бөлімшесі болып табылды және панельді үй құрылысын салуда қиыршық таспен қамтамасыз етті. 1992 жылы Алматы үй құрылысы комбинатынан бөлініп, "Ақсай Карьері" шағын өндірістік кәсіпорыны құрылды. Ал 1992 жылы "Ақсай Карьері" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта тіркелді.

Рудалық емес құрылыс материалдарын өндіретін кен орны - V Ақсай қиыршық тас-құмды қоспасының кен орны деп аталады.

"Ақсай Карьері" ЖШС-гі Қарасай ауданында Ақжар кентінің шығысынан және Ақсай өзенінің шығыс жағынан орналасып:

•солтүстік жағынан– «Благоустройство» ЖШС-гі карьерімен;

•солтүстік-шығыс және шығыс жағынан ұжымдық бау-бақша серіктестігімен және бұдан әрі Ақжар кентімен (бұрынғы Красный восток) ;

•оңтүстік жағынан – "Қазселденқорғаудың" аумағымен және 0,4 км қашықтықта орналасқан Алматы-Шамалған автожолымен;

•батыс жағынан Жаңатұрмыс кентімен шектеседі.

Image 01

Кәсіпорын рудалық емес құрылыс материалдарын құрылыс жұмыстарына арналған фракциясы 5-10 мм, фракциясы 10-20 мм, фракциясы 20-40 мм, фракциясы 5-20 мм тығыз тау жыныстарынан алынған қиыршық тасты, фракциясы 25-60 мм темір жолдың балласт қабатына арналған тығыз жынысты қиыршық тасты, құрылыс жұмыстарына арналған құм-малта тасты байытылған қоспаларды, қиыршықтас-малтатас-құмды қоспаларды, ұнталып еленген құмды, СКЦ 1, СКЦ 3 қабырғаға арналған бетон тастарды өндіреді.

Image 02

Кәсіпорынның құрамына: малтатас-құмды қоспа карьері және төрт өндірістік желілері бар ұсақтау-сұрыптау фабрикасы (ДСФ), АБК ғимараты, ЖМС қосалқы өндірісі, қабырғаға арналған бетон тастары цехі кіреді.

Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 500 мың м3 материал өндіреді. Негізгі тұтынушылар: «КСМК-1» ЖАҚ, «Асфальтобетон» АҚ, Корпорация «Базис-А» және тағы басқалар. Құрылыс және ғимараттардың құрылысы, автомобиль жолдарын жөндеу үшін 9-дан астам өнім түрлерін өндіреді.

2005 жылдан бастап кәсіпорын МС ИСО 9001:2015 сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Кәсіпорын облыстық "Алтын Сапа" байқауының неше мәрте лауреаты және жүлдегері атанды.

Кәсіпорын храмдар мен мешіттер құрылысына, балалар үйіне және мектептерге, Еңбек және Ұлы Отан Соғысына Ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.

Кәсіпорынды директор Богомолов Александр Васильевич басқарады.